Нарықтағы бестікті өткен жылғы iPhone 7 көш бастап тұр. Сарапшылардың пікірі бойынша, iPhone 7 ең көп тұтынылады екен. Бұл туралы осы салада жүргізілген арнайы зерттеуде айтылады.
«2017 жылдың үшінші тоқсанында әлемде ең көп сатылған смартфон iPhone 7 болды. Apple компаниясы түрлі тапсырыс берушілерге осы құрылғының шамамен 13 млн данасын жіберген», — деп атап өтеді зерттеудің мәтінінде.
Екінші орынға 7,9 млн дана көрсеткішпен iPhone 6S орналасты, ал үздік үштікке 7,8 млн данамен сатылған Samsung Galaxy J2 Prime енді.
Рейтингтегі бұдан кейінгі орындарға Oppo A57 (7,8 млн дана) және R11 (7,2 млн дана) жайғасты.
Ал, биылғы жылы күзде шыққан iPhone 8 үздік бестіктің қатарына кіре алмады.