Медеуде конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасуда

20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады. Сонымен қатар, қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, керемет көңіл-күй сыйлайтын болады.

Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.