Басты бетБастыАғылшын тілі...

Ағылшын тілі міндетті пән ретінде ҰБТ-ға енгізілуі мүмкін

«Бiз қазiр бiлiм беру бағдарламасының мазмұнын өзгертiп жатқан уақытта, әрине, Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiн жетiлдiру жайы да қолға алынады. Мұнда бiрнеше бағыт бар. Ең алдымен бiз ҰБТ-ны нақты бiр фактiлердi жаттаудан логикалық ойлау жағына қарай жетiлдiру жағын ойластырып жатырмыз. Ол үшiн бiз қазiр енгiзіп жатқан жекелген тапсырмалар бар. Сонымен қатар, ресейлiк әрiптестерiмiздiң тәжiрибесiн де енгiзбекпiз. Олар 2021 жылдан бастап ағылшын тiлiн енгiзгелi отыр. Сондықтан, ағылшын тiлi ҰБТ-дағы мiндеттi пән ретiнде енгiзiлуi әбден мүмкiн. Бұл қашан және қалай жүзеге асырылатыны алдағы уақытта белгiлi болады», — дейдi вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр ағылшын тілінде білім алғысы келетіндер үшін гранттар санының көбейетінін де мәлімдеді.

ДереккөзBnews