Басты бетЖаңалықтарНұржан Әлтаев...

Нұржан Әлтаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев 1978 жылы 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 1999 жылы «Қайнар» университетін, 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық иннновациялық университетті бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік мәселелер бойынша проректор қызметінен бастаған.

 

2007-2010 жылдар аралығында «Оңтүстік» ӘКП» ҰК» АҚ-да менеджер, бас менеджер, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

2010-2011 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

2011-2012 жылдар аралығында «Максимум» аумақтық инвестициялық орталығы бас директорының орынбасары.

2012-2013 жылдар аралығында ОҚО кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталығының директоры.

2013-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының директоры.

2014 жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.