2016 жылдың шілдесінде «Дала қыраны – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын Ұлыбританияның аумағында өткізу жоспарлануда. Онда ҚР ҚК әскери-көліктік авиациясының жеке құрамы мен қару-жарағын жөнелтуге пайдалана отырып, «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының 250-ге дейін әскери қызметшісі тартылады деп күтілуде.
Алдағы оқу-жаттығуда ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері британдық, американдық, тәжік, қырғыз және түрік әскери қызметшілерімен бірлесіп бітімгершілік операциялар шеңберінде мәселелерді пысықтайды.
Алдағы оқу-жаттығудың мақсаты бейбітшілікті қолдау, «Жедел әлеуеттің тұжырымдамасы» НАТО-ның бағдарламасы бойынша ҚР ҚК сарапшыларының өзін-өзі бағалауды өткізуі және осымен байланысты барлық рәсімдерді іс жүзінде сынамалау үшін шетелде ҚР ҚК-нің бітімгершілік ротасын жөнелту және өрістету процесін пысықтау, сондай-ақ болашақта ротаны БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына жолдау кезінде ұсынымдарды әзірлеу бойынша «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонын операцияға қатысуын дайындау болып табылады.
«Дала қыраны – 2016» оқу-жаттығуы республиканың шекарасында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. 2014 жылы «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өтті. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.