Ақмола облысында «Соғымға дайындық» жобасы жүзеге асырылуда

Оның iшiнде: «QAZAQSTAN», «ХАБАР», «24 ХАБАР» телеарналары болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысында «Соғымға дайындық» атты жоба барысында Ақмола облысының төрт ауданы, оның iшiнде Аршалы, Целиноград аудандары Астана қаласының айналасындағы азық-түлiк белдеуi бағдарламасының жүзеге асырылуы аясында ет өнiмдерiн жеткiзiп отыр. Бүгiнгi күнi жобаға 37 шаруашылық қатысып отыр.

Аталмыш жоба аясында жұмыс істеп жатқан «Алтын таға» фермасының аумағы 1 650 шаршы метрді құрайды. Шаруашылықта 157 ашық сауда алаңдары мен 21 жабық сауда орындары бар. Көкөніс, жеміс-жидек, балық өнімдері, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, халық тұтынатын тұрмыстық химия өнімдерін де сатылымға шығарады.

Сонымен қатар, шаруашылықта бүгінгі таңда 3000 қой, 1000-ға жуық ірі-қара мал, 500-ден аса жылқы, оның ішінде бордақыланған 200 жылқы бар. «Алтын таға» алғашқылардың бірі болып, «соғымға дайындық» жобасына қатысып отыр.

«Бүгінде Астана халқы мен елорда маңындағы елді-мекендерді таза, «ХАЛАЛ» стандартына сай, ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта шет елдерге экспорттау жоспарда бар. Бүгінде Иран, Қытай ХР келісім шарт жасалды», — дейді шаруашылықтың басшысы Айдар Нығметов.

Целиноград ауданының Қосшы ауылдық округінде қоян өсіру шаруашылығы да алға қойылған. «Толай-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2012 жылдан бері қоян өсірумен айналысады. Алғашында Ресейден әкелінген 40 бас қоянның саны бүгінде 1520 жеткен.

Қазіргі таңда мұнда, «Ақ алып», «Кеңестік шиншилла», «Күмістей» сынды асыл тұқымды қояндар өсіріледі. Ай сайын 100-ден аса қоян етін нарыққа шығарады екен. Ірі қараның етіне қарағанда, қоян еті қымбаттау. Сондықтан, қарапайым халық тарапынан сұраныс аса көп емес.

«Қоян еті көбіне жеңсік ас болғандықтан, мейрамханалар мен дәмханалардан сұраныс келіп түседі. Өткен жылы 4 тоннадан астам қоян етін нарыққа шығардық. Алдағы уақытта қоян санын арттыру жоспарда бар», — дейді серіктестіктің бас зоотехнигі Мейрам Әбішев.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Аршалы ауданының Анар ауылдық округiнде ашылған «Аян» ЖШС макарон фабрикасының өндiрiсiне барып, жұмысымен танысты. Бұл өндiрiсте диiрмендiк құрылғылар — түрiк, ал макарондық өнiмдi италияндық құрал-жабдықтар арқылы шығарады. Сонда тәулiгiне 24 тонна макарон және 200 тонна ұн өндiрiлiп, 11 түрлi қатты бидай сұрыбынан премиум санатындағы өнiм шығарылады.

Сондай-ақ, елiмiздiң iрi қалаларын, оның iшiнде Астананы өз өнiмдерiмен қамтамасыз етіп отыр.