Ақмола әкімі азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады

Кездесу барысында жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерімен бірге мәдениетті дамыту жайы талқыланды. Мәселен, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі, облыстық филармонияның әншісі өңір басшысына өзінің жеке концертін өткізгісі келетіндігі жөнінде шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Ал, мемлекеттік кіріс департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Теңбай Ыбыраев облыс орталығын одан әрі дамытуға қатысты пікірлерін білдірді. Кездесуде талқыланған мәселелер бойынша Мәлік Мырзалин тиісті мекемелерге нақтылы тапсырмалар берді.