Назым Қызайбай Азия чемионатын сәтті бастады

Назым Қызайбай (51 келі) Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші кездесуінде қытайлық Чанг Ю Яньмен шаршы алаңда жұдырық түйістіріп, жеңіске жетті. Бұл туралы «Хабар» арнасы xабарлады.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда Рахимова (Өзбекстан) – Сугуро (Индонезия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додада Қазақстан құрамасы толық құрамда өнер көрсетіп жатыр. Азия чемпионатына 22 елден 118 спортшы бақ сынап жатыр.