Ермек Маржықпаев соғыс және еңбек ардагерлерiне құрмет көрсетті

Валентина Герман соғысқа 16 жасынан аттанған. Ол қан майдан ортасында жараланғандарға медициналық көмек көрсетiптi. 92 жастағы қарт майдангер өскелең ұрпақ соғыс дегендi көрмесе екен дейдi.

Соғыс ардагерi Жанайдар Рамазанов әкiм құттықтауын ерекше iлтипатпен қарсы алып, қала басшысына ақ батасын бердi. Ол 18 жасында Ресейдiң Шадринск қаласындағы әскери командирлер дайындайтын училищеге түсiп, қысқа мерзiмдi оқу курсын аяқтайды. Кейiннен Беларусь майданына аттанады. Генерал Жуковтың басшылығымен Берлинге дейiн жеткен. Қала басшысы қарияларға ақылы қызмет көрсететiн пансионатта болды. Пансионат директоры Ғалия Рахымберлина бұл жобаны қолға алмас бұрын жан-жақты зерттептi. Шетелдiк тәжiрибелерге сүйенiп, қарттар мен мүгедек жандарға ақылы қызмет көрсетiп, олардың күтiмiн мойнына алуға болатын орталық ашуды жоспарлапты. Пансионаттағы қариялардың тағдыры әртүрлi. Мұнда ем алуға келгендерi де бар. Күндiз осында болып, кешке үйiне қайтатын қариялар алдын ала тапсырыс берiп, жазылуда. Қазiр пансионатта 34 қария тұрып жатыр. 50 адамға лайықталған пансионатта алғашқы медициналық көмек, психологиялық-коррекциялық әдiстеме арқылы бейiмдеу жүргiзiледi. Қариялар электрлi, жарық, жылу, парафин, гидро-магниттiк, физиотерапиялық процедураларды алады. Оларға түрлi сала бойынша 19 маман қызмет көрсететiн болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта интерактивтi сайт ашылып, онда пансионаттың қызмет түрлерi туралы ақпарат берiледi және әлеуметтiк қорғау, зейнеткерлерге қолдау орталықтары, ауруханалар, күтушiлерге қатысты ақпараттар да осында жайғастырылады. Ғимараттың iшi кең, қариялардың жүрiп-тұруына лайықталған, баспалдақтары да ыңғайлы. Мүгедек арбасына арналған лифт пен пандус орнатылуда. Арбаға таңылған жандардың қозғалысына ыңғайлы болуы үшiн есiктер кең етiп жасалған. Қариялардың әр күнi жоспарланған. Оларға арнайы бағдарлама жасалды. Түрлi мерекелiк шаралар, таза ауада тыныстау режимi бар.