Көкшетау қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Дегенмен шаһар басшысы бәрiнiң мәселесiн шешедi деуге болмайды. Кезек күттiрмейтiн жағдайлар табан астында тапсырма берумен түзетiлiп жатады. Ал кей мәселелер шыдамдылықты талап етедi.

Бұл жолы қабылдауға келген тұрғындар жер және баспана жайын қозғады. Мысалы, Красный Яр селосының тұрғыны Әлiбекова жеке шаруашылығын жүргiзуге учаске бөлудi сұраса, Есмағамбетова жемiс пен көкөнiс өнiмiн облыс орталығында Әуезов көшесiнде сатқысы келедi. Алайда жер комиссиясы оның сұранысын қанағаттандырмапты. Өйткенi қазiр қала бойынша «Есiл» ӘКК қосымша 250 көкөнiс павильонын ашуды көздеп отыр. Сондықтан өтiнiшпен келген тұрғын осы бағдарламаға қатысып, өзiнiң бизнес-жоспарын жүзеге асыра алады.

Момышұлы 58 үйдiң тұрғындары өзiнiң ауласын абаттандырғысы келедi. Еске сала кетсек, аула аумақтарын жөндеу бағдарламасы бiздiң қалада 2014 жылдан берi жүзеге асып отыр. Ол кезең-кезеңмен жасалады. 2017 жылға жоспарланған аулаларды жөндеу жұмыстары аяқталып келедi. Ендi келесi жылы қаржы бөлiнсе, бұл аула да назарға алынады дедi шаһар басшысы. Соның өзiнде ол арнайы комиссияның шешiмiне байланысты болады.

Баспана мәселесiмен екi зейнеткер келдi. Көпбалалы аналардың перзенттерi жетiлген. Кезексiз баспана алуға олардың категориясы сәйкес келмейдi. Мұндай жеңiлдiк тек Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен жетiм балаларға ғана берiледi.

Бүгiн әлеуметтiк аз қамтылған жандардың саны 4 мыңнан асады. Ал баспана кезегiнде 10 мыңнан астам адам тұр. Бұл мәселелер тек заң жолымен ғана шешiледi дедi Ермек Боранбайұлы.

Қала әкiмiнiң қабылдауына сал ауруына шалдыққан баласы бар жас келiншек те келдi. Қазiр үй кезегiнде 665-шi болып тұр. Өзi жұмыс iстемейдi. Шаһар басшысы баланы «Мейiрiм» атты денсаулығында кiнәраты бар балалардың орталығына апаруға кеңес бердi. Бала да кәсiби мамандардан көмек алады, анасы да жұмысқа тұрады.

Қабылдау қорытындысы бойынша Ермек Боранбайұлы тиiстi қызмет жетекшiлерiне нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың мәселесiн егжей-тегжейлi тексеру қажет дедi.