Ақмоланың би спорты федерациясының біріншілігінің екінші күні өтіп жатыр.Алматы, Астана, Шымкент, Петропавл, Рудный және басқа да қалалардан келген бишілер бюақ сынап жатыр.
«Бидің бұл түрінен жарыс ұзақ өтеді. Спортшылар жүйелі түрде кездесіп отырады. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бұл жарыс – тәжірибе, эмоция. Жүз рет жасаған жаттығуының орнын баса алады. Қарсыластарын көреді, басқа аймақта қалай дайындалатынын, костюм, шаш үлгісі – осының барлығын жарыс береді», — деді турнирді ұйымдастырушы, Ақмола облысы би спорты федерациясының президенті, көкшетаулық «Реверанс» клубының басшысы Элмира Шәріпова.
Латын американың қызу биі, көңілді музыка және әлемге әйгілі самба, румба, ча-ча-ча… Романтикалық вальс, танго – еуропалық бағдарлама бізді бірнеше ғасырға артқа қайтарып, жүрегімізді әуенмен баурап, бишілердің костюмдері көздің жауын алып, қимылдары таң қалдырып, жарыстың сәні болғандай.
Айта кетейік, бұл чемпионат 2017-2018 жылдардағы жарыстың кезеңін ашты. Қазір чемпионаттың екінші күні өтіп жатыр, оның ерекшелігі – мұнда көп кубок жеңіп алуға мүмкіндік бар. Самба, румба, квикстеп және т.б. жеңімпаздары анықталады. Ал қатысушылар оларды алу үшін барын салып, тырысып жатыр.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысына сәйкес түрлі қаладан келген спортшылар арасынан үздіктер анықталды. Жалпы ұпай қорытындысы бойынша көкшетаулық талантты жұп Абай Зейнолла мен Дарья Никифорова «Ювеналы-2» категориясында өнер көрсетіп, чемпион атанды. Сенбі күні олар 4 кубок және 4 алтын медаль алған еді. Сондай-ақ Дмитрий Шувалов пен Мәдина Аманжолованың «чемпиондық» жұбы да тамаша өнер көрсетіп жатыр.
Чемпионат өте жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Бишілердің шеберлігін Қазақстан мен Ресейдің төрешеліре бағалап жатыр. Жарыс Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ Көкшетаудың ардагерлер кеңесінің қолдауымен өтіп жатыр.
