Рактың алдын алатын қолжетімді дәрі анықталды

Зерттеуге 600 мыңнан астам адам қатысты. Олар ғалымдардың айтуымен аспиринді ұзақ уақыт қабылдаған (алты айдан, орташа – 7,7 жыл).

Нәтижесінде бауыр ісігімен ауыру қатері 47 пайызға, асқазан рагымен 38 пайызға, ұйқы безі 34 пайызға, тоқ ішек ісігі 24 пайызға төмендегені анықталды.

Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, өкпе мен қуықалды безі қатерлі ісігінің, лейкемияның алдын алуда да аспириннің көмегі бар.

Бұған дейін америкалық ғалымдар анықтағандай, аспирин тоқ ішек қатерлі ісігінің асқынуын баяулатқанымен, ісік клеткаларының эволюциялық әлеуетін ұлғайтады.

Дереккөзbaq.kz