Ақмолалық шахматшылар ел чемпионатында жүлделі орындар алды

Қарағандыдағы Нүркен Әбдіров атындағы Спорт сарайында жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинді құрметіне арналған шахматты тез ойнаудан Қазақстанның командалық чемпионаты өтті. Биыл аталған чемпионатқа қатысуға Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары өтініш берді.

 «Әр команда төрт адамнан құралды, оның үшеуі – ер адам, ал біреуі – әйел. Тез ойнайтын шахматты бүкіл партияға бөлінген уақыттың 15 минутында ойнайды. Бұл партия, шамамен, бір сағатқа созылатындығын білдіреді», — деп түсіндірді сайыстың халықаралық дәрежедегі төрешісі Олег Ринас.

Екінші тақтада – халықаралық гроссмейстер көкшетаулық Серікбай Темірбаев жалпы жеті ұпайдың алтауын жинап, І орынды иеленді.

Төртінші тақтада – көкшетаулық шахматшы, спорт шеберлігіне үміткер Алина Бақытжан 4,5 ұпай жинап, қола медальмен марапатталды.

Командалық ойын аяқталған соң, «жылдам» шахматтан жеке чемпионат ойындары жалғасты. Бұл ойында Көкшетау қаласынан спорт шеберлігіне үміткер Диляра Лим (Ишмухаметова) әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-хатшысы Махаббат Большина берген ақпаратқа сүйенсек, ол тоғыз ұпайдың жетеуін иеленген.