Есіл ауданының тұрғыны туған ауылына футбол алаңын салып берді

Интернациональный ауылындағы орта мектептің жанынан ашылған спорт алаңының құрылысын Қазымбек Ақмағамбетов басқаратын «Шыңғыс хан» ЖШС қолға алған. Осы мақсатта серіктестік есебінен 10 миллион теңге қаржы бөлінген.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Еске сала кетейік, Интернациональный селолық округінде 671 тұрғын болса, оның 161 жастар. Сондықтан қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа шағын футбол алаңы ауыл жастарының бұқаралық спортпен шұғылдануына зор септігін тигізбек.

Кәсіпкер Қазымбек Ақмағамбетов өткен жылы осы ауылда мұз айдынын да ашқан болатын. Игі істері осымен шектелмей кəсіпкер мектеп  маңындағы бос жатқан жер телімін де шағын саябақ айналдыруды жоспарлап отыр.