Медеуде конькимен сырғанауды тегін үйрететін сабақтар басталды

Сабақтар сенбі және жексенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін өтеді. Оны тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді.

«Мен коньки тебуді ұмытып қалыппын, нұсқаушылардың көмегіне жүгініп, біраз нәрсені үйрендім. Оларға алғыс білдіремін. Бұл жерде коньки тебе алмай жүргендер өте көп, сондықтан нұсқаушылардың болғандары өте дүрыс», — деді Балғын Серікбаева.

Конькимен сырғанауға үйрету сабақтары желтоқасанның 24-не дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.

«Коньки тебуді үйренгісі келіп жүргендер көп болды. Көбінесе кішкентай балалармен қыздарға көмек көрсеттім. Нәтиже жаман емес»,- деді нұсқаушы Олжас Мынбаев.

Айта кетейік, билеттер мен конькиді жалға алу бағасы Медеудегі прейскурантка сәйкес қала береді.

Аталған іс-шара «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты — қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту.