«Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында «Ертіс» ойыншыларын қабылдады

Ойынның алғашқы минутынан шабуылға шыққан қонақтардың Көкшетауға тек жеңіс үшін келгені сезіліп тұрды. Кездесудің 5 минутында «Ертіс» ойыншысы Родриго алаң иелерінің қақпасына алғашқы голды салды. Бұдан соң қонақтар шабуылын одан сайын үдете түсті. Осындай-ақ, ұтымды сəттердің бірінде Бугаевтың пасынан кейін Фофанның шіріне тепкен добын қақпаға дарып бара жатқан жерінен «Оқжетпес» қақпашысы Голубничий алаң сыртына шығара білді.

Алайда, бұрыштан тебілген допты қақпа алдындағы қарбалас сəтте Стаменкович ұтымды пайдаланып, есепті қонақтардың пайдасына еселей түсті.

Осыдан кейін алаң иелері намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Козлов, Бөлешов «Ертіс» қақпасына бірінен соң бірі соққы жасады. Бірақ қонақтардың қақпашысы Калмыков допты қайтара білді.

Осындай шабуылдардың бірінде 27-ші минутта «Оқжетпес» шабуылшысы Досмағамбетовтың алыстан тепкен добы қақпа ішінен табылды.

Кездесудің екінші кезеңі де алма-кезек шабуылмен өтті. Бірақ таблодағы есеп көрсеткіші өзгеріс қалды. Осылайша, өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліс тапқан «Оқжетпес» командасы келесі жылы ҚР Бірінші лигасында өнер көрсететін болады.
Ал, «Ертіс» Еуро лига жолдамасы үшін таласады.