Мария Рекина мазары Ақмола облысының қасиетті картасына енді

Мария Рекинаның мазары Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылына 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақтың Дүйсен есімді жігітіне ғашық болған орыс қоныс аударушылары қызының тарихы сақталып қалған. Бірақ жастардың бақытына әдет-ғұрыптар кедергі болады. Бірде Марияны көрші ауылдан келген құдалар күтіп отырады. Бұл шешімді қабылдауға шамасы болмаған қыз далаға қашып кетеді. Аңызға сүйенсек, осы уақытта ғашығына арнаған «Дудар-ай» әні дүниеге келген. Көп кешікпей Дудар оның соңынан барады. Олар көп қиыншылық көреді, өзеннің жағасында тұрады, жағалаудағы қамыстарды баспана етеді. Бұған Дүйсеннің ата-анасы төзбей, жастарды үйге қайтарып, тойларын жасайды. Осылайша, екі жас бәріне қарсы тұра біліп, сүйіспеншілік жеңіске жетті. Дегенмен бұл бақыттары да ұзаққа бармаған. Үйлену тойынан кейін Дүйсен патша әскері қатарына шақырылады. Сол жақта өкпе ауруына шалдығып, қайтыс болады. Ал оның жесірі, небәрі, 18 жаста ғана еді. Уақыт өтеді. Мария тұрмысқа шығып, дүниеге төрт бала әкеледі. Күйеуі жақсы кісі болады. Мариям жүрегінің түкпірінде Дүйсен жайлы естеліктерін сақтап, күйеуіне сыйластық көрсеткен.

Мария Егоровна Рекина 1899 жылы дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылында өткізген. Ұлы Отан соғысы жылдарында М.Рекина өз өлеңдерін майданға аттанып жатқан жерлестеріне арнаған. Оған «Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы берілді. «Дудар-ай» өлеңі әртүрлі ұлттардың махаббатына, жылылығына және достық рухына толы.