HONKA фин концерні Қазақстан нарығына ағаш үй салу қызметтерін ұсынбақшы

Жарты ғасыр бұрын құрылған HONKA компаниясы Қазақстанда белгілі. HONKA алғашқы ағаш үйлері 1990 жылдары пайда болған. Қазір концерн қазақстандық нарығына кешенді ұсыныспен және толық ауқымды жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігімен шығып отыр.

Қазақстан тұрғындары әлемдік концерн ұсынған барлық мүмкіндіктерімен пайдалана алады, соның ішінде архитектуралық жобалауымен, интерьер және ландшафт дизайнымен, сондай-ақ үйге кепілдік және пайдалану қызмет көрсетуімен.

HONKA үйлері бүкіл әлемде өте әйгілі: жыл сайын концерн жердің түкпір түкпірінде, Еуропа және Азия елдерінде, шамамен 3 мыңнан астам үй салады, фин концерннің оңай танылатын ағаш үйлерін тіпті Мариан аралдарында көруге болады. Компания клиенттері арасында көптеген атақтылар, соның ішінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II. Сонымен қатар, ағаш үйлерді салғанда көптеген елдерде HONKA құрастырылған, патенттелген және алғашқы рет пайдаланған технологиялар қолданылады, бірақ нағыз HONKA тек жалғыз!

Оның танымалдылықтың және керектіктің алғышарттары қандай? Фин концерннің 100% үйлері фин қарағайынан салынған, және компания ағаш дайындаудың және ағаш өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Үйдің бөлшектерін жасау кезінде формальдегидсіз желім қолданылады, құрылыс материал ылғалдылығының оңтайлы деңгейі сақталады, CO2 минималды шығуы байқалады. Қарағай психологиялық жағынан қолайлы болып табылады: оның тегіс және жарық құрылымы көңіл-күйді көтереді. Оған басқа, HONKA компаниясымен дайындалған құрылыс материалдары экологиялылықпен ерекшеленеді және аллергия және астмадан азап шегетін адамдарға жағады. Болашақ үйлердің барлық бөлшектерінің 90% Финляндияда, Карстула қаласындағы зауытында концерннің жеке өндірісінде жасалады.

HONKA құрылыстың көптеген салаларында алғаш ашушы болып табылады: ол нарықта үйлерді құру механикаландырылған процесін енгізді, өз өнімін барлық әлемге жеткізіп, дайын үйлер жиынтығын ұсынады. Инновациялық технологияларға және жаңа зерттемелерге ерекше назар аударылады. Концерн ағаш үйлердің қауіпсіздігін, беріктігін және қолайлығын ұлғайтатын көптеген технологияларды патенттеген, соның ішінде құлып жалғау және «нөлдік бұрыш» бірегей технологиялары. Жапонияда өткізілген жер сілкінуге тұрақтық сындары нәтижесінде HONKA ағаш үйі 9 балға дейін жер сілкіністі көзге көрінетін зақымысыз көтере алады деген сенімді нәтижелер алынған!

HONKA барлық әлем бойынша жеткізілімдерді белсенді дамытады, 60% астам оның өнімдері басқа елдерге экспортқа шығарылады. Концерн үшін ең маңызды бағыттар Жапония, Франция, Германия және Ресей болып табылады. HONKA Қазақстанда, Ресейде және Беларусь Республикасында эксклюзивті дистрибьюторы — былтыр дүниежүзілік өкілдіктер арасындағы ең табысты болған «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясы. Компания нарықта 20 жыл істеп келеді, және осы уақыт ішінде 2500 объект салынған.

HONKA барлық жобалары танылатын стилімен, ойланған архитектуралық және инженерлік шешімдерімен, әдемілігімен және сәнділігімен ерекшеленеді, ол классикалық немесе заманауи бейнелер болсын, шале немесе дәстүрлі скандинавиялық үй болсын.

«HONKA үйлері заманауи үрдістерінің бейнеленуі болып табылады: дизайн, архитектуралық шешімдер, панорамалы терезелер, жаңа технологиялармен үйлескен кең жайлар. Біздің үйлер қалада және көрікті тау бөктерінде үйлесімді көрінеді», — деді HONKA Қазақстандағы өкілдігінің директоры Әльфия Бекмансұрова.

2015 жылдан Алматыда «РОССА РАКЕННЕ СПб» компаниясының өкілдігі ашылған. Аймақта премиум-кластың қала сыртындағы бірнеше кешендерді, және қоғамдық мақсаттағы объектілерді – курорттарды және демалыс орталықтарын салу жоспарланған.