VІІІ халықаралық «ЖасStar» фестивалі басталды

Фестиваль жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған. Басты мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына ықпал ету, сондай-ақ жас және дарынды мәдениет қайраткерлеріне шығармашылық жағынан өсіп — өркендеуіне көмек көрсету.

Мәдени шарада Канада мен Венгрия және Ресей мен Франция, сондай-ақ еліміздің белгілі мәдениет және өнер қайреткерлері шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ,  өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жас суретшілердің «Болашаққа көзқарас» атты көрмесімен ашылған фестиваль кино, хореография өнері, театр, мультипликация, музыка, көркемсурет тақырыптары бойынша жалғасады. Аталмыш шараның аясында Қазақстан анимациясының 50 жылдығына арналған отандық мультфильмдер көрсетіледі.

Айта кетейік, жастар фестивалі 3 қараша күні Жак Оффенбахтың «Париж өмірі» операсымен аяқталады.