Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы экстремизмді жоятынын мәлімдеді

Мұхаммед бен Салман қысқа мерзім ішінде көтерген бастамалары арқылы көптің назарына ілікті. Ол елінің қалыпты исламға бет бұратынын, осылайша экстремизмді жоятынын мәлімдеді

«Бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз. Барлық дінге және әлемге ашық қалыпты ислам мемлекетіне айналамыз», — деді ханзада панельдік пікірталаста.

Мұрагер ханзаданың бұл сөздері Сауд Арабиясында «революциялық сипаттағы» мәлімдеме ретінде қабылданды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта көптеген ел Сауд Арабиясын экстремистік террористік ұйымдарға қаржылай қолдау көрсетеді деп айыптайды.

ДереккөзBaq.kz