ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісова: «Ол тақырыпты мен қойған жоқпын. Журналистердің сондай тәсілдері бар екен ғой… Енді өзіміз де зейнеткерлік жасына жақындап қалдық, ауылға барып тұрамыз ба, басқа мемлекетке барып тұрамыз ба деген сияқты өзімде ой болған. Үзілді-кесілді, түбегейлі мен өз елімді тастап қайда барамын? Менде бір ғана Отан бар, ол — Қазақстан. Менде басқа Отан жоқ. Сондай сұрақ болғанда солай жауап берген едім», — деп түсіндірді.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісованың қазақ сахнасының әсем әндерімен тыңдарман көңілінен шығып жүргеніне биыл 35 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай әнші Қазақстанның көптеген қалаларында жеке ән кешін өткәзбекші. Мақпал небәрі 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған елдің сүйікті әншісі. Көптеген халықаралық байқаулардыңмдың гран-при иегері болған. Атап айтсақ, 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста бас жүлдені иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кірген. Міне, сол уақыттан бері елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген бірегей әнші.
Естеріңізге сала кетсек, алдын сайтымызда Мақпал Жүнісовамен болған сұхбат жарияланған еді.