Дидар Хамза әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде ел намысын қорғаған Дидар Хамза алғашқы айналымда румыниялық Лазло Дэвидті, екінші айналымда Сардор Каримовты жеңіп, үшінші айналымда тəжікстандық Эрадж Абдуллаевты вазари ұпайымен жеңді.

Өкінішке қарай ширек финалда Əзербайжан дзюдошысы Зидаят Хейдаровқа есе жіберіп алды. Алайда отандасымыз жұбаныш белдесуде молдавиялық Лон Накуды ұтты. Ал қола медаль үшін белдесуде Геворг Манукянды голден скорда əдіс жасап, таза жеңіске қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін хабарлағанымыздай, жарыстың бірінші күні отандастарымыз 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Екі  күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 күміс, 2 қола медальмен 6-орында тұр.

ДереккөзInform.kz