Алдағы уақытта Қазгидромет гидрологиялық болжамдарын жақсартады — Қанат Бозымбаев

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Құралай Каракен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа «Қазгидромет» РММ қызмет сапасы туралы сауал жолдады.

Сұраққа жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазгидромет қызметінің барлық мемлекеттік қызмет үшін аса маңызды екенін жеткізді.

«Келесі жылдан бастап, Қазгидромет өз гидрологиялық болжамдарын айтарлықтай жақсартады деген ойдамыз. Ол үшін гидрологиялық болжамның қазіргі әдістемесін жетілдіреміз. Дамыған елдерде кеңінен қолданылатын гидрологиялық болжамның сандық моделін қолданатын боламыз. Бұдан былай, болжамдар әр ай сайын жүргізіледі және су тасқыны кезіндегі болжамдар әр 10 күн сайын нақтыланып отырады», — деді ол.

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев биылдан бастап, Қазгидромет қызметін жетілдіру бойынша құны 17,5 млрд теңгені құрайтын кешенді бағдарлама жасап шығарғанын айтты.

ДереккөзKazinform.kz