Шымкентте жаңа әуежай салынбақ

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіповтің айтуынша, жаңа әуежайдың үлгісі 3 түрде әзірленген.

«Қазіргі қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты жаңа әуежайдың 3 жаңа нобайын әзірледік. Алғашқы нұсқа бойынша әуежай қазіргі әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасса, екінші нұсқада Ордабасы ауданының аумағында, ал үшінші нұсқада Шымкент қаласының солтүстік жағындағы аумақта орналасатыны көрсетілген», — деді Еркін Жүсіпов.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес өндіріс және базарларды, сауда орталықтарын қала орталығынан көшіру нұсқалары ұсынылған.

ДереккөзEgemen.kz

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да