Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді

Қайрат Абайдоллаұлы 1970 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылту поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Инженер-экономист.

Еңбек жолын 1988 жылы газэлектрдәнекерлеуші болып бастаған. 1994 жылдан 1999 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 1999-2002 жылдары – салық органдарында. 2002-2004 жылдары аралығында Зеренді «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Зеренді филиалының басқарушысы. 2004 жылдын 2006 жылға дейін Зеренді аудандық әкімдігінің коммуналдық қызмет-өндіріс және сәулет бөлімінің басшысы. 2006-2016 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Зеренді филиалының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы болып қызмет атқарған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Зерен Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.