Ақмола облысында 69 елдімекенде дербес бюджет енгізіледі

Форум жұмысына Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, ҚР ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Қаржы-министрі Берік Шолпанқұлов, қоғам қайраткері; ҚР Парламенті мəжілісінің 4-5 шақырылымың бұрынғы депутаты

Айгүл Соловьева және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Форумда аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуде тұрғындарды тарту мақсатында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында қойылған міндеттердің өңірде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

«Алдағы жылдан бастап Ақмола облысында 2 мыңнан астам тұрғыны бар 69 елдімекенде дербес бюджет енгізілетін болады. Ал, 2020 жылдан бастап, 177 әкімшілік бірлікте өзгерістер жүргізу (барлығы 246) жоспарланған. Біздің облыс өзін-өзі басқару заңының әзірленуіне белсенді атсалысты. Дербес бюджетке көшу бағытында өңірлерді дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Әкімдіктердің аппараттары жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз етілді. Ауыл әкімдіктерін компьютерлермен қатамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді Мәлік Мызрзалин.

Сонымен қатар аймақ басшысы салық төлеу базасын нақтылау бойынша мемлекеттік мәліметтер базасы қайта қаралып, нақтыланып жатқанын атап өтті.

Аслан Оспанов