Apple өнімдерінің бас дизайнері Джони Айв жапондық Brutus Casa басылымына сұхбат берді, деп жазады Lenta.ru.
«Бұрын смарфтонның экраны мен корпусы екі бөлек сияқты сезілетін. Оларды біріктіру үшін ұзақ еңбектендік. Енді iPhone X-ке қарап отырып, қалағанымызға қол жеткізгенімізді сеніммен айта аламын. Тағы да көптеген идеялармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл — iPhone-ның соңы емес, жаңа дәуірінің бастауы»,- дейді Айв.
Айта кетейік, Apple қызметкерлері iPhone X смартфонын жасауға бес жылдарын жұмсаған. Дизайнер «iPhone X» атауы iPhone смартфондарының он жылдығына байланысты қойылған» деген ақпаратттың жалған екенін айтты.