Студенттер жатақхананы «e-gov» порталы арқылы ала алады — ҚР БҒМ

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова айтты.

Оның мәлімдеуінше, арнайы ақпараттық жүйеде кім және қай жерден орын алғаны көрсетілуі керек.

«Осы шаралар мемлекеттік қызмет болғасын, студент өз өтінішін «e-gov» порталы бере алады, я болмаса университеттің өзіне беруге мүмкіндік бар. «Электронды үкімет» порталына өтініш тапсырғанда, міндетті түрде тиісті құжаттар болуы керек. Соның негізінде тапсырыс университеттің өзіне түседі. Белгілі бір уақыттың ішінде оған жауап берілуі тиіс», — деп атап көрсетті департамент басшысы.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, жатақхана орны алдымен мемлекеттік грант иегерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелеріне беріледі.

ДереккөзKazinform.kz