ОҚО-да жас мамандарға көмек ретінде 1 миллион теңге беріледі

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жіберілетін мамандарға 1 миллион теңге көмек берілмек.

«Бұған дейін ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді. Алайда бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылдық жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жіберілетін жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады, – деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Айта кетейік, 1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандар бес жыл қызмет ету міндеттеледі.

Дереккөзrgmedia.kz