«Хабар» агенттігіне қарайтын «Kazakh TV» ақпараттық-танымдық телеарнасы жаңа маусымда төрт тілде — қазақ, орыс, ағылшын және қырғызша хабар таратпақ.
Телеарна директоры Андрей Тараковтың айтуынша, хабарлар бір мезгілде 4 тілде хабар таратады.
«Қазір ел ішінде қазақ және орыс тілдерінде үш сағаттан кезектесіп хабар таратамыз. Ал енді видео бірдей, тілдер әртүрлі болады. Көрермен тілді өзі таңдайды», — деді ол.
Айта кетейік, арна 25 қазаннан бастап қырғыз тілінде хабар таратуын бастайды.