Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

8 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
8 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтерілсе, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде +32…+34 градусқа дейін ысиды. Батыс өңірлерде және солтүстіктің жекелеген аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіндейді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Петропавлда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.