«Қазақ аруы» сериалының режиссері «Nya Nya аға» атты комедия түсіріп жатыр

«Nya Nya аға» сериалының басты кейіпкері — Макс есімді жігіт. Ол сән басылымына жұмысқа тұрады. Басылымның бастығы Жәния Серікбаеваға аяқ астынан Астанаға ұшып кетуі керек болады да, Макстан балаларына қарай тұруды өтінеді. Енді ол үш баламен түрлі қызықты жағдайларды бастарынан өткізеді.

Сериалдың режиссері — Дархан Саркенов. Ол  көрермендерге «Қыз жолы 2», «Қазақ аруы» сынды туындылары арқылы таныс. Сондай-ақ, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» фильмін түсірді.

Фильм Алматы облысында түсірілуде. Оған Динара Бақтыбаева, Қуаныш Жылжақсынов, Ерболат Тоғызақов, Әсел Ақбарова түсіп жатыр.