Қызметтік көлігін жеке мақсатта мінгендерді ұстап беруге болады

Жемқорлықпен қарсы күрес агенттігіне қызметтік көлігін жеке басының пайдасына мінгендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар. Егер берген деректері расталса,  ұялы телефонына 500 немесе 1000 бірлік жүктеледі.

Әзірге мұндай қағаздар Астана әкімдігінің автокөліктеріне жабыстырылды. Алдағы уақытта министрлердің де көлігі бақылауға алынады.

«Бірінші кезекте тәртіптік шара, жауапкершілікке тартылады. Егер жаңағы тәртіптік шара қайта-қайта болып, заңбұзушылық жалғаса беретін болса, онда мемлекеттік лауазымға сәйкес шешім қабылданады. Яғни, ол адам жұмыстан да қуылуы мүмкін»,- дейді Астана қалалық Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы Ернар Маханов.

Соңғы уақытта қызметтік көлігімен балаларын балабақшаға апаратындар туралы ақпарат көп. Енді осы үшін жазаға тартылмақ.