«Балалар интернеті» қызметі мобильді операторлар арқылы іске қосылады

«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі интернет өнімдерінің мазмұнына бақылауды жүргізу мақсаты.нда жұмыстар атқарып жатыр. Ұлыбритания, Ресей елдерінде «Балалар интернеті» деген түсінік бар. Ол жас ұрпақты зиянды интернет өнімдерінен қорғайды», — дейді Асқар Шәкіров.

Оның айтуынша, баласы кәмелет жасына толғанға дейінгі ата-ананың жауапкершілігі заңнамада тайға таңба басқандай жазылған. Алайда кейбіреулер балаларының интернетте нені көріп отырғанын біле бермейтіні де рас.

«Балалар интернеті жұмысының жүйесі бар. Қолындағы гаджет балалар интернетіне қосылса, ұялы телефондағы бұл қызмет зиянды ақпараттардан немесе топтардан баланы қорғай алады. Менің білуімше, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлдігі нақты бұл іске қатысты жұмысты күшейтіп келеді», — дейді ол.

Айта кетерлігі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі 2017 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің атына балалардың құқығы турасында хат жазып, жеткіншектерді зиянды ақпараттардан қорғау турасында ұсыныстарын жолдаған болатын.

Асқар Шәкіров ол хатында мобильдік операторлар арқылы елімізде «балалар интернеті» қызметін іске қосуды ұсынған.

ДереккөзInform.kz