«Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-насихат тобы Жайық өңірінде жүр

Шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобы құрамындағы аталған бірлестіктің менеджерлері Саламат Исламғали, Үміт Жәңгірова, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Бақытжан Сабралиев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Белен Әшімов, Ақжайық аудандық орталық ауруханасының директоры Дархан Хайрушев, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Аслан Биғалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы Абзал Мутигуллинов жиналғандар алдында «Діни сауаттылық», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар тәжірибесі», «Несие алу», «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» тақырыптарында сөз сөйлеп, көптеген сұраққа жауап берді.

Аталған бағыттар бойынша облысымызда және ауданда жүзеге асырылып жатқан істер, өткен жылдармен салыстырмалы көрсетіштер, әр салада ізденістің арқасында жетістікке жетіп жүрген қыз-жігіттердің еңбегі хақында кеңінен айтылды. Топ сапары облыс аудандарында жалғасын тауып жатыр.

Айта кетейік, шараның ұйымдастырушысы «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің жарғысына сәйкес ұйым миссиясы – студенттік және жастар ұйымдарының қызметін үйлестіру, қолдау, жастардың қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірге белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасау, әлеуметтік сауықтыру көмектерін көрсету, жастарға арналған әлеуметтік мәні бар жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, жастар бастамаларын қолдау болып табылады. Бірлестік жас азаматтардың еркін дамуы үшін жағдай жасауға; олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына және жүзеге асырылуына; жастар белсенділігінің дамуына, олардың жаңашыл әлеуетіне, ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығына, патриоттық тәрбиеленуіне; жастар арасындағы мәдени-ағартушылық, дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарына ықпал етеді.