Атбасарда 630 жаңа пәтер қолданысқа беріледі

Жабайдың түбіне жылдар бойы жиылған тұнба лайды тазартуға арнайы техника жұмылдыру ісі де назарға алынбақ. Өзеннің қалаға жақын келген тұсы топырақ үйіндісімен бекітілген болатын. Оны қайтадан қалпына келтіру, және нысанды бірнеше участкіге бөліп, әрқайсысының сапасына жауапты тұлғаларды белгілеу тапсырылды.

Бұдан бөлек, Василий Крылов аудан орталығының алдағы жылу беру маусымына дайындығымен де танысып, жақын күндерде елді мекенді жылумен қамтуды тапсырды. Ауданда тасқын су зардабынан жапа шеккен тұрғындарға арнап 45 пəтерлі 14 үй салу жоспарланған.  Оларда 630 отбасы қоныстанбақ. Василий Крылов бұл үйлердің сапасына ерекше тоқталды. Мердігерлер жұмысты уақытылы аяқтаймыз деп отыр.

Алдағы аптада барлық мердігерлермен тиісті келісім-шарт құжаттамаларын жасау ісі аяқталады. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс компанияларынан сапалы әрі уақытылы жұмыс жасалуды талап етті.

Кеңес барысында талқыланған барлық мәселелер облыс басшылығының жіті назарында. Жұмыс сапарының соңында Василий Крылов Атбасардағы №1 орта мектептегі жөндеу жұмысымен де танысып, әлеуметтік нысандардың тиісті қызметін атқаруына барлық жағдай жасалатындығын ескертті.