Шағын ауданның 72 жастағы тұрғыны Роза Қапарова да күн сайын жаңа жолдың бойымен немерелерін мектептен алып қайтады. Ақ жаулықты ананың айтуынша, осыдан 1-2 ай бұрын мына жолдармен адам да, көлік те жүре алмаған. Қазір автобус уақытылы келеді, көңіліміз жайланды, — дейді.
Жалпы, жұмыстар қыркүйектің 15-сінде басталған. Айналдырған 10-15 күннің ішінде шағын ауданның негізгі жолына жаңа асфальт төселді. Бұл жерлермен қалаға апаратын және мектепке дейін келетін автобустар жүріп өтеді. Жөндеу жұмыстарына 35 млн. теңге жұмсалған.
Сыннан қорытынды шығара білу де – азаматтық. Дегенмен, жаңа жол салынып, көңілі жайланған шағын аудан тұрғындары тағы бір мәселеге алаңдап отыр. Айтуларынша, жаңа жол салынғалы бері көліктер жоғары жылдамдықпен жүйткіп өтеді. Ал, жол белгілері әлі күнге дейін қойылмаған. Балалар жүгіріп шығып, көлік қағып кете ме деп алаңдайды.
Келер жылы шағын ауданның басқа көшелеріне де жаңа жол салу жоспарланып жатыр екен. Осылайша, алдағы 1-2 жылдың ішінде жол мәселесі толықтай шешіледі деп күтілуде.
