Қорғалжында ұстаздар арасында теннистен турнир өтті

Аудандық жарысқа келген үміткерлердің барлығы жеңістен үмітті. Әрине, мықтылар ғана тұғыр биігіне көтеріледі.

Жарысқа келген мұғалімдердің бәрі бірдей мықты теннисші емес. Десе де спорттың осы түрін жандарына серік етіп, өздерін сергек сезінеді.

Тартысты өткен теннисшілер сайысы соңында Арықты орта мектебінің командасы жеңіске жетті. Ал, алаң иелері Қорғалжын мектеп-гимназиясының спортшылары екінші орынды еншіледі. Қызылту орта мектебінен келген тенисшілер үшінші жүлдені қанағат тұтты.