Бурабай кентінде «Нұр Отан» партиясының семинар-кеңесі өтті

«Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестері негізінен жергілікті мемлекеттік басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіруге,  жемқорлықты тудыратын  себеп-салдарды жоюға, лауазымдық жағдайын теріс пайдалану сияқты құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында жұмыс атқарады.

Ал, осындай семинар-кеңестерде жыл бойы қордаланған мәселелерді талқылап, партиялық бақылауды жетілдіруге байланысты ұсыныстарын жеткізіп, өзара тәжірибе алмасуды көздейді.

Мемлекеттік қызметте отырған партия мүшелерінің арасында да Әдеп кодексіне қайшы әрекеттерге жол бергендер бар. Мәселен, бір жыл ішінде 123 партия мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан семинар-кеңес барысында партиялық бақылау жұмысын жетілдіру және күшейтуге қатысты ұсыныстар айтылды.