Ақмола облысы әкімінің 100 білім гранты бөлінеді

3 жылға жоспарланған бюджет көлемінің басым бөлігі тұрғын-үй құрылысы, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ. Жоспарланған бюджеттік қаражаттың 800 миллион теңгеге жуығы әлеуметтік салалар мен жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Бұдан бөлек, қомақты қаржыны қажет ететін салалар аталып өтті.

Ағымдағы жылдан бастап өңірдегі кадр тапшылығы байқалатын мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында білім алуға 100 білім беру грантын бөлу жоспарланып отыр. Оған жергілікті бюджет есебінен 14,8 миллион теңге қаржы бөлінетін болады. Бұдан бөлек, сессия отырысында өңірдегі көші-қон үдерісін реттеу ережелерін бекіту, қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы және консультациялық-кеңес беру органдарының құрамына өзгертулер енгізу және бекітуге қатысты мәселелер бойынша  тиісті шешімдер шығарылды.