Карлес Пучдемон: Каталония тәуелсіз мемлекет болу құқығын жеңіп алды

Каталония автономиясының басшысы Карлес Пучдемон Испаниядан бөлініп шығу үшін референдум өткізді. Алайда Каталония полициясы референдум өткізуге мүмкіндік бермес үшін күш қолданды. Тіпті кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беру бюллетендері мен жәшіктері тәркіленген. Қақтығыс кезінде 760 адам жарақат алған. Басқа дереккөз 400-дей адам жараланған деп хабарлайды.

Осыған дейін Испания үкіметі дауыс беруге жол бермейміз деп мәлімдеген. Испанияның Конституциялық соты референдум өткізуді заңсыз деп жариялаған.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат 20.00-де аяқталды. Бірақ Каталония үкіметінің өкілі сайлау кезегінде тұрған адамдардың бәрі дауыс беру бөлмесіне жіберіледі деді.

ДереккөзCentralasian.org