Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 14-шi сессиясы өтті

Онда Көкшетау қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетiне өзгерiстер енгiзу және қала әкiмдiгiнiң тұрақты комиссияларының құрамын бекiту туралы мәселелер қаралды.

Депутат Мұрат Түкеевтiң төрағалығымен өткен сессияда қаралған негiзгi мәселе — Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарғы қалалық бюджет туралы» №С-7/3 шешiмiне өзгерiстер енгiзу жөнiнде қалалық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлмира Шұқатова баяндады. Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасының басшысы Батырхан Кәрiмов бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемесiн тағайындау туралы хабарлама жасады.

Қалалық мәслихаттың депутаты, Көкшетау қалалық мәслихаты жанындағы мемлекеттiк мұқтаж үшiн жер учаскелерiн сатып алу шарттарының жобасын қарау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның төрайымы Әсия Шәрiмова мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн жер учаскелерiн және жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiндегi шарт жобасымен таныстырды.

Сессияда, сондай-ақ, Көкшетау қаласының бюджеттiк және тұрғын үй комиссияларының құрамына өзгерiстер енгiзу жөнiнде де мәселе қаралды. Депутаттар күн тәртiбiне енгiзiлген бұл мәселелердiң бәрiн жан-жақты талқылай келе тиiстi шешiмдер қабылдады.