Мәлiк Мырзалин «Оқжетпес» футбол клубының ұжымымен кездестi

Кездесуде өңiрде футбол спортын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Сондай-ақ, ел чемпионатында турнир кестесiнiң соңында тұрған «Оқжетпес» командасының мардымсыз ойыны сөз болды.

Кездесу барысында аймақ басшысы команда директоры Юрию Бондаренко мен жаттықтырушысы Виктору Пасулькоға қызметiн босату жөнiнде ұсыныс жасады.

Мәлік Мырзалиннің айтуынша, клуб басшылығы өздерiнiң кәсiби жұмыстарына салғырттық танытып қана қойған жоқ. Команданың жеңiске деген жiгерi мен рухын жоғалтып алды. Аймақ басшысы өз орынбасарына клубтың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiс жүргiзiп, бюджеттiк қаржыландыруды азайту жөнiнде ұсыныс енгiзудi тапсырды.