Басты бетЭкономикаШетелге тыңайтқыш...

Шетелге тыңайтқыш экспорттаймыз — Рүстем Әлиев

Биоөнім шығаратын отандық компания өз өнімдерін Тәжікстан мен Қырғызстан нарығына да шығармақ. Ал келер жылдан бастап Ресей шығуды көздейді.

«Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түріне пайдалы бұл биоөнімге сұраныс артып келеді», – дейді мамандар.

Себебі тыңайтқыш кез келген өсімдіктің өнімділігін 100%-ға дейін арттырады. Ал өндіріс орнының бір жылда 20 мың тонна сұйық және құрғақ өнім шығаруға қауқары бар.

«Біздің өнімдерді бау-бақшамен айналысатын шаруа қожалықтарынан бастап, аграрлық компанияларға дейін пайдалана бастады. Еліміздің әр өңірінен сұйық және құрғақ тыңайтқыштарға сұраныстар түсіп жатыр. Себебі біздің құнарландырғыштар топыраққа емес, өсімдіктің жапырағына үстінен себіледі. Бұл арқылы өсімдіктің өнімділігі арта түседі. Айта кету керек, компания өз жұмысын биыл ақпан айында бастаған болатын. Жобаға үкімет қолдау көрсетіп, бағдарлама бойынша 355 млн теңге көлемінде грантқа қол жеткізген. Шаруасын ұршықша иірген өндіріс орны содан бері 400 млн теңгенің өнімін өндіріп, ішкі нарықты толық қамтыды»,- дейді минералды-органикалық тыңайтқыш шығаратын компания директоры Рүстем Әлиев.

Дереккөз24.kz