2,5 миллион қазақстандық баспана кезегінде тұр

Қазақстандағы баспана құрылысының қарқынды жүргеніне қарамастан, сұранысты құнағаттандыра алмай отыр. Қазір баспана алу үшін кезекке тұрған қазақстандықтардың саны 2,5 миллионнан асты.

Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Склярдың сөзінше, 2015-2016  жылда 19 мың 200 пәтер арзан бағамен берілсе, 2017 жылы мұндай пәтерлердің саны 15 мыңнан асады. Аймақтарда бір шаршы метрі 140 мыңнан, ал Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда 180 мың теңгеден аспайды.

«Қазір банк «Нұрлы жер» бойынша кредиттеуді бастады. Ол үшін 22 млрд теңге бөлінді. Ол жерде пайыздық мөлшер 5 пайыздан аспайды«,- деді  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев.

ДереккөзKhabar.kz