Иван Дычко кәсіпқой бокста кіммен жұдырықтасады?

BoxRec порталының хабарлауынша, Иван Дычко 29 қыркүйек күні АҚШ-тың Далас қаласында 34 жастағы америкалық боксшы Эйбур Райтпен кездеседі.

Иван Дычконың қарсыласы Эйбур Райт бұған дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, 1 рет жеңіліс тапқан.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, үш мәрте Қазақстан чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Иван Дычко Рио олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан еді.

Биыл маусым айында ол америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа отырды.

ДереккөзInform.kz