Боксшы Иван Дычко америкалық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды

Бұндай жаңалықты The Heavyweight Factory компаниясының инстаграм желісінегі парақшасында таратты.

«Бүгін Олимпиаданың қола жүлдегері Иван Дычко бізбен келісімшарт жасасты. Бұл 255-фунт ерекше күш иесі ауыр салмақта чемпион атағын алмайынша, алға ұмтыла бермек», — деп жазды промоушен инстаграмға.

26 жастағы әуесқой боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиадалардың қола жүлдегері. Әлем чемпионатында екі рет күміске және бір рет қолаға қол жеткізген. Азия ойындарының финалисті, Азия чемпионы болған.

Биыл ақпанда Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге аустарлиялық промоутер Майк Алтамурмен келісімшартқа отырып, кәсіпқой боксқа өтпек болған. Алайда келісімшарт компания кінәсінен тоқталыған еді.

The Heavyweight Factory (Ауыр салмақ фабрикасы) АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Компанияның Facebook желісіндегі парақшасында орналастырылған ақпаратқа қарағанда, бұл ұйым 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

ДереккөзVesti.kz