Аталған идеяны қолдау туралы Қазақстан Ұлттық кинематографиялық өнері және Ғылым академиясының президенті Айман Мұсақожаева «Тұлпар» ІІ киножүлдесінде айтты.
«Министрлік кинематографиялық өнерді дамытудың жолдарын қарастыруда. Ең алдымен біз «Қазақфильм» студиясын басшылыққа алуымыз керек. Бүгін Арыстанбек Мұхамедиұлы америкалық Диснейленд тәжірибесіне сүйене отырып, киностудияны жаңғыртуға қатысты идеяны ұсынды. Яғни, фильмдер мен мультфильмдер қойылымы үшін және ойнамалы аттракциондар, мейрамханалар мен ойын-сауықтық орталықтары желісінің инфрақұрылымын жасауымыз керек. Бұл кинематографияға ғана емес, Алматыдағы мәдениет пен кәсіптің өркендеуіне де үлес қосар еді», -деді ол.