Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық спортты қалай дамыту керектігін айтты

«Бұқаралық спортқа теріс әсер тигізетін мәселелерді атап өткім келеді. Бірінші, сонымен қатар ең маңызды мәселердің бірі — спорт инфрақұрылымының халық санына есептелгенде жетіспеуі. Спорт инфрақұрылымының өсуі негізінен спорттық алаңдарды салу есебінен байқалады. Ал, жабық спорт құрылыстарының саны республика бойынша, әсіресе ауылды жерлерде әлі де жетіспейді. Мысалы, мектептер жанындағы спорт залдары тек сабақ өткізу үшін қолданылады.  Елімізде барлығы денешынықтыру-сауықтыру залдары бойынша 1,5 млн шаршы метр қажеттілік бар, ол іс жүзінде 46 пайыз қажеттілікті құрайды. Осыған байланысты және  халықты дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдануға тарту мақсатында денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын республикалық және жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру есебінен қайта жандандыруды ұсынамыз», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, 2014-2015 жылдары еліміздің 8 өңірінде 18 ДСК пайдалануға берілді. Бұл елде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың санын 2 пайызға көбейтуге септігін тигізді.

«Екінші мәселе, білім беру мекемелерінде халықтың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалатын орындарда спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі жалпы білім беретін мектептерге арналған спорттық жабдықтардың орташа көрсеткіші 67,5 пайызды құрайды. Келесі мәселе — тұрғылықты жер бойынша  бұқаралық спорттың әлсіз дамуы. Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру дайындығы жөніндегі балалар мен жасөспірімдер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, олардың саны 79 бірлік. Сонымен қатар олар 6 аймақта мүлде жоқ. Бұған қарамастан, оларды қысқарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ақмола, Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының желісі де нашар дамыған», — деді ол.

ДереккөзInform.kz