Мен Головкиннің фанатымын — Майк Тайсон

Майк Тайсон Геннадий Головкиннің салмақ категориясына қарамастан, pound-for-pound бойынша үздік боксшы екенін айтты.

«Мен Генаның фанатымын. Ол pound-for-pound бойынша үздік. Гена рингте жәй ғана боксшы емес, нағыз жаналғыш. Ол рингке ұпай айырмасымен жеңуге шықпайды, қарсыласын жойып жіберуді мақсат тұтады. Головкин көрерменге қалаған нәрсесін бере алады», — деді Майк Тайсон.

2015 жылы көктемде Майк Тайсон Геннадий Головкинді «аңызға айналған кейіпкер» деп атаған болатын.

ДереккөзBaq.kz